Бүгін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қала әкімі М. Айтенов пен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.
Кеңейтілген жиында онлайн-конференция арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі туралы заңнама нормалары қаралды.
Қала әкімі М. Айтенов атап өткендей, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты басымдықтар белгілеген. Ол барлық мемлекеттік органдардың басшыларын төтенше жағдай кезіндегі олардың жеке жауапкершілігі туралы ескертті.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали басшылықтың қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін дербес жауапкершілігінің негізгі аспектілеріне кеңінен тоқталды.
Ол басшылардың назарын еңбек ұжымдарындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға, сондай-ақ парасаттылық қағидаттарын енгізуге аударды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі уәкілетті орган ретінде ағымдағы жағдайға мониторинг жүргізіп, осы мәселелерді белсенді көтеріп, басшылардың жауапкершілігін қарауға бастамашылық етеді.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласының мемлекеттік органдарының бірінші басшыларына карантин режимін қамтамасыз етуге тартылған адамдарға қатысты халықтан келіп түскен ақпараттар туралы хабардар етті.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында біз басшылардың бағыныштылар арасында сыбайлас жемқорлық үшін жеке жауапкершілігін тағы да еске салғымыз келеді» — деді А. Жұмағали.
Іс-шарада мегаполистегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі, тәуекелді салалар мен мониторинг нәтижелері талқыланды.
Ағымдағы жылдың І-тоқсанында Департаментпен 31 қылмыс тіркелді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қатарында парақорлық (12), алаяқтық және ысырап ету фактілері (9) басым. Сыбайлас жемқорлық үшін ұсталғандардың басым бөлігін жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері құрайды.
_____________________________________