Карантин кезінде үйде отырған жасөспірім балалардың ата-анасының қарауынсыз қалып, асқазан-ішек жолдарының, тыныс алу жолдарындағы бөгде заттар мен дененің күйік шалу оқиғалары көбейгені байқалуда.

14.04.2020ж кешкі сағат 21:30 шамасында 12 жасар жасөспірім ұл-бала » Тыныс жолындағы бөгде зат, (декоративті шеге) диагнозымен жедел жәрдем бригадасымен қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Науқас ауруханаға түскенде жағдайы ауыр еді дейді дәрігерлер. Сондықтан медицина мамандары шұғыл түрде 12 жасар баланы тыныс жетіспеушілігіне байланысты жан-сақтау бөліміне жатқызып, бронхоскопия тәсілімен бронх жолындағы бөгде затты алу манипуляциясы сәтті жүргізген. Бүгінгі таңда ота жасалған науқастың жағдайы жақсы.

Баланың жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. 12 жасар балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, қауіпті алдын алған Қалалық Клиникалық Балалар Ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова бастаған ұжымдағы білікті дәрігерлер!