Декоративті шеге жұтып қойған баланы дәрігерлер аман алып қалды

289

Карантин кезінде үйде отырған жасөспірім балалардың ата-анасының қарауынсыз қалып, асқазан-ішек жолдарының, тыныс алу жолдарының бөгде заттарды жұтып қою мен дененің күйік шалу оқиғалары көбейгені байқалуда.

Жуырда 12 жасар жасөспірім «Тыныс жолына бөгде заты- декоративті шеге»  диагнозымен жедел жәрдем бригадасысымен қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Науқас ауруханаға түскенде жағдайы ауыр еді дейді дәрігерлер. Сондықтан медицина мамандары шұғыл түрде 12 жасар баланы тыныс жетіспеушілігіне байланысты жан-сақтау бөліміне жатқызып, бронхоскопия тәсілімен бронх жолындағы бөгде затты алу манипуляциясы сәтті жүргізген.

Бүгінгі таңда ота жасалған науқастың жағдайы жақсы! Баланың жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. 12 жасар балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, қауіпті алдын алған Қалалық Клиникалық Балалар Ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова бастаған ұжымдағы білікті дәрігерлер!

Ата- аналарға карантин жағдайында балаларын қараусыз қалдырмауын және ұқыпты болуларын сұраймыз! Осындай келеңсіз жағдайлар балалардың өміріне қауіп төнгізіп, соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.