«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы берген мәліметіне сүйенсек, алдағы демалыс күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағында  жауын-шашын болмайды, күн жылы болады.

Сенбі күні Шымкентте күндіз ауа температурасы +21 мен +24 градусты көрсетсе, түнде сынап бағанасы +8 +10 градус. Жексенбі күні Шымкентте күн жылы, +23 ,+28 градус.
Сенбі күні Түркістан облысында ауа райы күндіз +18 бен +23 градусқа дейін жылылықты көрсетсе, түнде сынап бағанасы  + 13 градус. Өңіріміздің батыс аймақтарында күн 26 градусқа дейін жылиды.

Шынар Оразова