Шымкент қаласының іргесіндегі әуежай аумағындағы алқаптарда көктемгі дала жұмыстары қарқын алған.Тракторлар жер аударып жатса, екіншісі жер қопсытуда.

Диқандар «төтенше жағдайдың салдарынан қырыққабатты биыл кеш отырғыздық»,- дейді. Көрші алқапта құлпынай мен сарымсақты шаруа былтыр еккен, өнімді биыл мамырдың ортасында аламын деп жоспарлауда. Осындағы жер учаскелерін жалға алған шұбарсулық шаруалар блок бекетттерден өте алмай, жұмыстарын бастай алмай отыр екен.

«Карантин жарияланғаннан бері  егістіктің басында түнеп жатырмыз. Анықтама алуда қиындықтар туындады. Көрші алқаптағы Базарбай деген жігіт Шұбарсу елді мекенінде тұрады. Шымкентке кіре алмай, жерін суғаруды тапсырған еді. Барлығы реттеледі, сенімдіміз. Жұмыс  көп, еңбектену керек» дейді шаруа.

Шынар Оразова