Электронды төлем түрін құнттамаған кәсіпкер қомақты айыппұл арқалайды

210

Шымкентте 4 жарым мың пос терминал бар. Мұндай құрылғылар көбінесе қаладағы ірі сауда орталықтарында пайдаланылады.

Ал базарларда әлі де бұрыңғыша ақшалай сауданың көрігі қызып тұр. Салықшылар электронды төлем түрін құнттамай отырған кәсіпкерлерге түсіністік танытып, ескертумен шектелуде. Ал ескертуді елемегендер 200 мың теңгеге дейін айыппұлға тартылады.

Айта кетейік, Үкіметтің төлем карточкаларын енгізу туралы қаулысы осыдан алтын жыл бұрын қолға алынған. Содан бері мемлекеттік кірістер саласының өкілдері бизнесмендер арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді екен.

Айтуларынша, бұл құрылғылыарды орнатуда қазір аса қиындық жоқ екен. Соған қарамастан табысын жасыратын кәсіпкерлер түрлі себеп-сылтаулармен төлемнің бұл түріне өтуге асықпайды дейді мамандар.

Мақпал Рысбаева