Кәсіпкер Р.Оспанәлиева коронавирусқа қарсы күреске 25 млн. теңге аударды

160

 

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Корнавирусқа қарсы күресті күшейту, көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы акцияға өңірдегі кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен меценаттар атсалысып жатыр.

Азаматтық пен жомарттық сынға түскен кезеңде белгілі кәсіпкер, меценат Рәшкүл Оспанәлиева «Түркістан» әлеуметтік-корпоративтік даму қорына 25 млн. теңге аударып, айрықша жанашырлық танытты.

«Береке-А» корпорациясының басшысы Рәшкүл Оспанәлиева бұған дейін де қайырымды істерімен танылып жүрген жан.

«Мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл қиын сәтте елдің әрбір азаматы қоғамға қолдан келген көмегін көрсетуі тиіс деп есептеймін. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сабыр сақтай білсек, бұл қиындықтан да шығамыз», – дейді кәсіпкер.
«Біз біргеміз!» акциясы бойынша Түркістан облысының аудан, қалаларында 2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, гигиеналық және медициналық заттар таратылып жатыр. Бұл міндетті орындауға «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері, «жасотандықтар» және еріктілер тартылған.