Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті

120

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 49-ға жетті.

Жетісай ауданы, Асық ата ауылының 1980 ж.тұрғынынан коронавирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. Сондай-ақ, Жетісай қаласының 1956 ж. туған азаматшасынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған Жетісай қаласының тұрғынының жұбайы.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ, Кентауда — 5, Ордабасы — 2, Сайрам — 2, Мақтарал — 4, Арыс — 14, Сарыағаш — 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.