Төтенше жағдай, карантин кезінде тұрғын үй құрылысы Шымшаһарда тоқтамады. Былтыр жастар жылы бастауын алған 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген мына бесқабатты тұрғын үйге жастар қоныстана бастады.
40 пәтерлі көпқабатты үйде 20-сы бір бөлмелі пәтерлер болса, қалғаны екі бөлмелі. Жалдамалы пәтер бес жылға беріледі. Осы мерзімде жастар өз баспаналарына қаржы жинайды. Депозитті олар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» ашуы шарт.
«Жас отбасылары келіп тұрып жатыр. Электр жарығы бар. Газды барлық тұрғындар қоныстанғанда қосады. Су беріледі»,- дейді мердігер мекеменің өкілі Еркебұлан Оңғарбай.
Шынар Оразова