Медициналық масканы тағып, қолданылған құралды көшеге лақтырған немесе тастай салған адамға 55 мың 560 теңге айыппұл салынады. Бұл жөнінде Төтенше жағдайдар жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штаб өкілдері мәлімдеді.
Айтуларынша, пайдаланылған жеке қорғану құралдарын қоқысқа дұрыс тастамаудың өзі қоршаған ортаға аса қауіпті, сондықтан әкімшілік жауапкершілік қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, сарапшылар маскада бұл вирустың 30 сағаттан астам уақыт сақталатынын айтып, халықты азаматтық белсенділік танытуға, пайдаланылған жеке қорғану құралын қауіпсіз түрде жоюға шақырады. Яғни, пайдаланылған медициналық бетпердені полиэтилен пакетке қымтай салып, қоқысқа дәлдеп тастау қажет.
Мөлдір Бекеева