Түркістан облысы полицейлері Сарыағаш ауданында жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады

Түркістан облысы ПД КПБ-на Сарыағаштық тұрғын арызданған. Ол өзінің арызында Сарыағаш қаласында жеңіл жүрісті қызмет көрсететінін саунаның барын айтып, онда жеңгетайлық орын алып жатқаны туралы хабарлаған.

Аталған жайт Түркістан ПД КПБ-мен ҚР ҚК-нің 309-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне енгізілді.

Тұрғынның хабарламасын ала салысымен заңсыздыққа жол бермеу, істің толық мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД КПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде шынында Сарыағаш қаласындағы аталған саунаның жұмыс жасап тұрғаны анықталып, жеңгетайлық жасаған жас қыз ұсталды. Оған қоса, саунада Өзбекстан Республикасының 2 азаматшасы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталып, қызмет көрсететіні айқындалды. Олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіленіп алынды

Осы жоғарыда көрсетілген Өзбекстан Республикасының азаматшалары Сарыағаш АПБ-не жеткізіліп, азаматтарды қабылдап тарату орнына қамалды. Сондай-ақ сауна әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-«Төтенше жағдай режимін бұзу» бабымен хаттама толтырылды.

Қазіргі уақытта аталған жайт «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтауда.