Шымкент қаласының әкімі Мемлекет басшысына коронавируспен күрес жұмыстары жайлы баяндады

174

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавруспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантиндік шаралардың орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды.

Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының әкімі Президентке қазіргі жағдайды баянадады.
Мұрат Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысына елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, бірінші кезекте миллионды қала аумағына 18 санитарлық бұғаттау бекеті қойылғанын атап өтті. Ол жерлерде құзырлы орган өкілдерінен жасақталған топтар тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеп жатқанын, алғы шептегі қызметкерлер қажетті медицицналық киімдермен толық қамтылғанын жеткізді.

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин жарияланып, барлық сақтық шаралары күшейтілген.

Қала аумағы толықтай залалсыздандырылуда. Оған қосымша күш ретінде Мемлекет басшысының жарлығымен жасақталған 100 әскери міндетті сарбаз да тартылған. Шымкентте медициналық қорғаныс құралдарының мәселесі шешілген.

Өз сөзінде Әйтенов Президентке «Өзіңіздің тапсырмаңызбен қолға алынған әлеуметтік төлем 42,500 теңгені Шымкенттен 225 мың адам алды. Ал «Біз біргеміз» акциясы негізінде аз қамтамасыз етілген 22 мыңға жуық адамға 50 мың теңге көлемінде бір реттік көмек берілді», — деді.

Шымкент — өндіріс орталығы. Қала аумағында жалпы 69 мыңнан астам шағын және орта бизнес тіркелген. Төтенше жағдайға байланысты тоқтап қалған нысандарды кезең-кезеңмен іске қосу бойынша арнайы жоба әзірленіп, жұмыс жасалып жатыр. Бірінші кезекте қажетті деген өндірістерді іске қосуды жоспарлануда.

Шымкентте көктемгі дала жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Шаруаларға қажетті жанар-жағармай арзандатылған бағамен беріледі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл шымкентте 224 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып нәтижесінде 8 380 мың адам жұмысқа орналасады.

Қалада құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған азаматтарды құрылысқа тарту мәселесі қолға алынды.

Қазір жағдай бойынша Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны — 46. Дәрігерлердің жүйелі жұмысының нәтижесінде вирус жұқтырған бір отбасының 9 мүшесі сауығып, үйлеріне шығарылатын болды, деп атап өтті қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Президент Шымкент қаласы әкімінің есебін тыңдай келе жұмыстарды қатаң бақылауға алып, өз дәрежесінде жүзеге асыруды тапсырды.