Шымкентте қатерлі індеттің тағы екі ошағы анықталды

133

Шымкентте коронавирус жұқтырған соңғы 4 науқастың екеуі 10 және 11 жастағы жасөспірімдер мен 54 және 58 жастағы ересектер. Олар бұған дейін инфекция анықталған азаматтармен тығыз байланыста болғаны үшін дәрігерлер бақылауында болған.

Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Бірақ, олардың қанша уақыттан бері карантинде жатқаны белгісіз. Және нақты қашан, қай шағынауданнан табылған науқаспен байланыста болғаны айтылған жоқ. Осылайша, Шымкентте тағы екі ошақ тіркелді. Бірақ, оның да нақты қай шағын аудан екені мәлімденбеді.

 

Назерке Үкібасова