Шымкенттегі қоғамдық көліктегі жолаушылар 60 пайызға азайған. Бұл туралы қаланың жолаушылар көлігі және АЖ басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің басшысы мәлімдеді.
Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктер бұған дейін 25 пайызға қысқартылған еді. Енді бұл көрсеткіш тағы да көбеюі мүмкін. Себебі Наурыз Сүгіралиев автобустар санының әлі де азаюы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Шымкентте карантин кезінде шағын автобустар жұмысын тоқтататын болды. Оның орнын үлкен автобустар басады. Бұл туралы қаланың жолаушылар көлігі және АЖ басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің басшысы айтты.
Наурыз Сүгіралиевтің сөзінше шағын автобустар жұрттың бір жерге көптеп шоғырланбауы үшін жүргізілмейді. Бірақ, әзірге олардың орнына қай компания көліктері шығатыны белгісіз.
Назерке Үкібасова