Шымкентте 23 наурыз бен 25 наурызда анықталған екі науқас коронавирустан айықты. Олар 24 жастағы жігіт пен оның анасы.
Еске сала кетейік, » Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекенінің бұл тұрғындары Шымкентте бірінші болып тіркелген еді. Анасы мен баласы үйлеріне қайтқанымен олардың басқа отбасы мүшелері ауруханада қалады. Себебі олардың ем алу мерзімі аяқталмаған.
Түркістан облысынан қос науқас Шымкентке жіберілді. Ауыр жағдайда жатқан олар қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында. 48 және 60 жастағы науқастардың қазір жағдайы оңалып келеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр журналистермен өткен брифингкте мәлімдеді.
Шымкентте 1377 азамат коронавирустан дәрігер бақылауында болған. Бүгінде олардың 641 алынып тасталған. Ал, 736 мониторингте қалған. Олардың ішінде 314 шет ел және басқа қаладан келгендіктен жатса, 422 ошақтар бойынша қадағалауға алынған.
Назерке Үкібасова