Шымкентте індет жұқтырған тағы да 4 адам тіркелді

101
РБК

Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы да 4 адам тіркелді.

Ауру жұқтырғандардың төртеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 27 адам.