Карантиндік шараларды
күшейту туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.04.2020 жылғы № 33-ПГВр қаулысы, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 17.04.2020 жылғы №12 хаттамасына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу, сондай-ақ, Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 19 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 01.05.2020 жылы сағат 07.00-ге дейін төмендегідей шектеулер енгізілсін:
1) айырбастау пункттерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды;
2) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;
3) Шымкент қаласының полиция Департаментінің, Ішкі істер Министрлігінің Ұлттық гвардиясының, қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақты патрульдеуді;
4) 65 жастан асқан азаматтарға және он сегіз жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салуды;
2. Карантин режимін сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартылсын.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.04.2020 жылғы №9 Қаулысының 4 тармағы.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.
5. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
А. Тулебаев
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері