Шымкентте коронавирус індетінен көз жұмған науқас туралы тың деректер пайда болды

233
ковид-19

Шымкент қаласында 5 сәуірде зертханалық расталған COVID-19 жағдайымен өлім-жітім жағдайы тіркелді. Науқас 1964 жылғы, Түркістан облысының тұрғыны, автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші болып жұмыс істеген.

Анамнезден: соңғы апта ішінде Ресейден Мәскеу-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент-Алматы бағыты бойынша 1988 жылғы ұлымен бірге келе жатқан жолда денсаулық жағдайына, дене қызуының жоғарылауына шағымдар пайда болған. 03 сәуір күні Шымкент қаласы Темірлан тас жолы мекен-жайынан денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өзі жедел жәрдем шақырып, сағат 10-00-де жедел медициналық жәрдем көлігімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында консилиум жүргізілген, диагнозы: «Внебольничная левосторонняя полисегментарная пневмония, асқынған Жедел тыныс жетіспеушілігі 2-3 ст. Қант диабеті, 2 типті». 3 сәуірде КВИ – ға зерттелген, оң нәтиже анықталған.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған, жасанды желдету аппаратына қосылған. Қарқынды терапия жүргізілуіне қарамастан, жүрегі тоқтаған. 2020 жылы 5 сәуірде сағат 03-50 минутта қайтыс болу фактісі тіркелді. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы: КВИ. 2 жақты полисегментарлы пневмония. Ауыр ағымы. Асқынуы: ДН 3ст. Қосымша: қант диабеті 2 типті, декомпенсация сатысы. АГ 2ст. созылмалы панкреатит, холецистит».

Қарым қатынастағы болған ұлы қазіргі уақытта ол Алматы қаласына келген, сол жерде стационарлық карантинге оқшауланған.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган қайтыс болған адамның мәйітін көмуді Шымкент қаласының ТКҚСБД-мен келісім бойынша ұйымдастырылады.

Бүгінгі күнге Шымкент қаласы бойынша 6 ошақта КВИ жұқтырудың 14 жағдайы тіркелген, оның 10-ы байланыста болған. 12 жұқтырған КВИ жағдайы тұрақты, 51 жастағы пациенттің жағдайы ауыр, орташа динамикамен.

Тіркелген барлық жағдайлар бойынша 327 байланыста болғандар, оның ішінде 177 «жақын» және 150 «потенциалды».

Атамекен, Мейірім карантиндік стационарларында, №2 қалалық аурухана (екі бөлімше) 274 адам, үй карантинінде 53 адам бар. Карантиндік стационарлардағылардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.