Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам анықталды.
(22.04.2020 жылғы сағат 22-50-дегі мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған 28 азаматтардың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

22.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 131 адам.