Ол 51 жастағы «Самал-1» шағынауданының тұрғыны. Науқастың баласы 14 наурызда Дубайдан келген екен. 21 наурызда әкесінің тыныс алуы нашарлай бастаған. Ол дәрігер көмегіне он күн өткен соң жүгініпті.

Вирус тіркелген тұрғын демікпемен тіркеуде тұратыны анықталды. 30 наурызға дейін олар отбасылық мереке де өткізіп үлгерген. Енді онымен байланыста болған 78 адам карантинге жатқызылды. Байланыста болған адамдар саны бұдан да көбейюі мүмкін.

 Назерке Үкібасова