Сәуірдің 8-і нен 9-на қараған түні Шымкентте жауған қардың биіктігі 22 см-ге жеткен. Теңіздің деңгейінен 1947 метрде орналасқан Шуылдақ станциясында қар 30 см -ге дейін түскен.
Төлеби ауданындағы Тасарық метеостанциясында қардың қалыңдығы 29 см-ге жеткен, таулы Түлкібас ауданындағы «Тұрар Рысқұлов» метеостанциясында және Қазығұрт ауданындағы «Қазығұрт» метеостанциясында 19 см -ге дейін түскен.
«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының директоры Маханбет Жазықбаевтың айтуынша Оңтүстік өңірінде және Шымкентте жауын-шашын қарға ұласатыны жайлы алдын ала болжам болған, төтеншеліктер дабылды ескерту туралы СМС арқылы тұрғындарды ақпараттандырды.
Көктемдегі ауа — райындағы ауытқушылық 2016 жылы орын алған. Онда 31-ші наурыз бен 3-ші мамыр аралығында қар жауып, үсік болған. Түркістан облысында бүгінде 18 метеостанция жұмыс істейді.
Шынар Оразова