Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков және қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады.

Шымкент оқушылары үшін төртінші тоқсан ерекше форматта өтеді. Өйткені елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты балалар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп отыр.

«Миллионды қала оқушылары білім беру жүйесінің екі бағыты бойынша қамтылмақ. Оның бірі — Интернет платформа. Екіншісі — Телараналар арқылы, бұл ең тиімді әрі оңай тәсіл», — деп атап өтті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков баспасөз брифингінде.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, Шымкенттегі 147 мектептің 25-і жеке меншік.

Мақпал Рысбаева