Шымкенттегі кей басқармалар тендерді майшелпекке айналдырған

205

Шымкенттегі кей басқармалар тендерді майшелпекке айналдырған. Осылай деген сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Шымкент қалалық департаментің мамандары олардың атын атап, түсін де түстеп берді.

Мәселен, өткен жылы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған. «Қуат Жылу орталық 3» мекемесі ұтып алып, қосалқы мердігер мекемеге өткізіп жіберген. Ал, қосалқы мердігер болса, бұл тендерді өзгелерге өткізіп жіберген.

Осылай қолдан қолға тендер таратудан бөлек, кей басқармадағылар қол астында жұмыс істеуге туған туыстарын жинап алған. Ал, сәулет және құрылыс басқармасының басшысы қызметкерлерін қосымша жұмысқа жегіп көзге түсіпті.

 Назерке Үкібасова