Шымкенттегі Н. Төреқұлов көшесіндегі №204 үй карантинге жабылды. Тұрғындардың айтуынша күні кеше бұл үйдегі бір тұрғынды жедел жәрдеммен әкеткен.
Болжам бойынша ол коронавирус табылған науқаспен байланыста болуы мүмкін. Енді көпқабаттың үйдегі жандар сыртқа шығарылмайды. 76 пәтерлі бұл үйді бүгін санитарлар тазалауға келді. Тұрғындарға азық- түлік жеткізілетін болады.
Н.Төреқұлов көшесіндегі №204 үйдің карантинге жабылу себебі ондағы тұрғыннан коронавирус табылған. Ол кеше белгілі болған 8 науқастың бірі екен.
Ол індет табылған үшінші науқастың үйінде қонақта болған. Еске сала кетейік, 51 жастағы үшінші науқас үйінде Наурыз мерекесін тойлап, қонақтар шақырған еді.
Назерке Үкібасова