Қауіпті індеттің таралуынан шымкенттіктер электронды сауда түрін үйрене бастады. Тұрғындар бірте-бірте пост терминалдар мен банк қосымшалары арқылы есеп айырысуға бет бұрған.
Төлем жасаудың бұл түрі әсіресе карантин кезінде ыңғайлы әрі қауіпсіз болып тұр дейді мамандар. Ал цифрлық жүйеде сауда жасауға жағдай жасамаған кәсіпкерлерге шара көріледі дейді мамандар.
Қолдан-қолға өтіп, айналымда жүретін ақша қауіпті індеттің дендеп кетуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан да қолма-қол төлем жасау бірінші кезекте — өз қауіпсіздігіміз. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерден түсетін салық көлемін арттыруда мемлекет үшінде тиімді болып отырғаны жасырын емес. Сондықтан да көлеңкелі бизнеспен күреске жұмылдырылған жауаптылар кәсіпкерлерді осынау төлем түріне өтуге міндеттеуге көшкен.
Гүлжан Шырақбаева, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Көп кәсіпкерлер табыстарын жасырады, сондықтан да төлем жасаудың бұл түрі көлеңкелі бизнесті ауыздықтау үшін де қажет. Біз қазір осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырмыз».
Мақпал Рысбаева