Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды. 2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылығының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.

1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай ауданында — 13, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы — 2, Ордабасы -1, Сарыағаш — 1, Мақтаарал — 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.