Түркістан облысында тағы 5 адам тіркелді

61

 

Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 16 адам тіркелген.

Оның ішінде 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы – 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында 1 адамнан тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі