25 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында 3 азамат коронавирус дертінен айықты. Жалпы облыста инфекция жеңгендер саны 24-ке жетті.
Жетісай қаласы, Жаңаауыл ауылдық округі, Әбдіхалық ауылының 1974 ж. тұрғыны және Кентау қаласы, Үшқайық ауылдық округі, Нұртас ауылының 2003 ж.,2005 ж. тұрғындары ауруханадан шығып, отбасыларына оралды. Айта кету керек, үш азамат та Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы поезбен келген азаматшамен жақын байланыста болған.