Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы барлық автовокзалдар мен автобекеттердің қызметтері уақытша тоқтатылды.
Қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау үшін тұрғындарға барынша сақ болуға, арнайы масканы пайдалануға, гигиеналық талаптарды сақтауға шақырамыз.