Түркістан облысында 2019 жылы туған нәрестеден коронавирус анықталды

256

 

Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген.

1992 жылы туған науқас Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының тумасы Біріккен Араб Әмірлігінен келген азаматпен байланыста болған.

1991 жылы туған азаматша мен 2019 жылы туған нәресте Нұр-Сұлтаннан поезбен келген азаматшамен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы — 1, Мақтаарал -3, Ордабасы 1 және Сайрам ауданында 2 адамнан тіркелді.
Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.