Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 36-ға жетті

107
фото inform.kz

2020 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 36-ға жетті.

Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда – 5, Ордабасы – 2, Сайрам – 2, Мақтарал – 4, Арыс – 8, Сарыағаш – 1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.