2020 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 34-ке жетті.
Атап айтқанда, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округі, Дербес ауылының 1995 ж. азаматынан вирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясы расталған азаматпен жақын байланыста болған.
Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда — 5, Ордабасы — 2, Сайрам — 2, Мақтарал — 4, Арыс — 6, Сарыағаш — 1 тұрғыны індетке шалдыққан.