Елдегі төтенше жағдайға байланысты туындаған ахуал экономикаға салқынын тигізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығына қол қойды. Соған сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, зейнетақы төлемдері, базалық зейнетақы мен барлық жәрдемақының мөлшері өзгерді. Жаңа мөлшердегі төлемдер алдағы мамырдан бастап беріледі. Сонымен 1 мамырдан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлем және түрлі төлемдер қанша теңге болады?
2020 жылдың 1 сәуірінен бастап:
– Айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге;
– Ең төменгі зейнетақы – 40 441 теңге;
– Ең төменгі төменгі базалық зейнетақы төлемі – 17 641 теңге;
– Күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге;
– Ең төменгі жалақы – 42 500 теңге
ЗЕЙНЕТАҚЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап:
–айлық есептік көрсеткіш;
–ең төменгі зейнетақы;
–ең төменгі базалық зейнетақы мен күнкөріс мөлшері біршама өзгерді.
Шымкент қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар Ілеспаевтың берген мәліметіне сүйнесек,
2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
2) еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы мөлшері алып жүрген зейнетақысының сомасынан — 5 пайызға көбейді.
Ал зейнетақыға қосымша төленетін базалық зейнетақының мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес, ең кемі — 17 641 теңгеге, ең көбі – 32 668 теңгеге дейін артады.
2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, жасына байланысты зейнеткерлікке шыққандар үшін зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде, кірістің ең жоғары мөлшері — 46 айлық есептік көрсеткішпен шектеліп, анықталады (АЕК 2778 х 46 =127 788).
2020 жылдың 1 сәуірінен бастап:
Ең төменгі зейнетақы – 40 441теңге (38636 теңге)
Ең жоғарғы зейнетақы — 95 841 теңге ( 74569 теңге)
МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ
Айлық есептік көрсеткіштің және күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің де мөлшері біршама өзгерді.
Сонымен, күнкөріс шамасының өзгеруіне байланысты 1 сәуірден бас-тап:
Мүгедектігі бар адамдардың жәрдемақысы:
І топ — 62723 теңгеге ( 59872 тг );
ІІ топ — 49983 теңгеге ( 47710тг);
ІІІ топ — 33975 теңгеге (32431тг);
16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың жәрдемақысы — 45736 (43657) теңгеге артты.
16 жастан асқан мүгедектігі бар балаға берілетін жәрдемақы:
І топ — 62723 теңгеге ( 59872 тг);
ІІ топ — 51943 теңгеге (49581 тг);
ІІІ топ — 39202 теңгеге (37420 тг) көбейді.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелегені үшін — 45736 (43657 ) теңге;
Бала кезінен І топтағы мүгедектігі бар баланың күтімі үшін — 45736(43657тг) теңге алады.
Асыраушысынан айырылғандарға:
1 балаға — 28095 теңге (26 818 тг);
2 балаға — 48676 теңге (46 463 тг);
3 балаға — 60436теңге (57 689 тг);
4 балаға — 64030 теңге (61 119 тг);
5 балаға — 66317 теңге ( 63 302 тг);
6 және одан көп балаға — 68930 (65797 тг) теңге көлемінде жәрдемақы төленбек.
Тұл жетімдер:
–Әрқайсысына бөлек — 38572 ( 36796 ) теңге жәрдемақы төленеді.
БАЛА КҮТІМІ
Айлық есептік көрсеткіштің 2 778 теңгеге өсуіне байланысты:
№1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 26169 ( 24973 тг) теңгеге ;
№2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 23280 ( 22216 тг) теңгеге ұлғайды.
–1, 2 және 3-ші балаға — 105564 (100 738 тг) теңгеге;
–4-ші және одан көп балаға 175014 (167 013 тг) теңгеге артты.
1 жасқа дейінгі бала күтіміне:
–1 балаға — 16002 теңге (15 270 тг);
–2 балаға — 18919 теңге (18 054 тг);
–3 балаға — 21808 теңге (20 811 тг);
–4 және одан көп балаға — 24725 (23594 тг) теңге тағайындалды.
ЕСКЕРТУ: Егер жас ана декрет демалысына шықпай тұрып жұмыс істесе, онда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері оның жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады. Бұл мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді.
–Кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар, көп балалы отбасылар ай сайын мемлекет есебінен:
4 балаға – 44532 теңге (42 496тг),
5 балаға – 55672 теңге (53 125тг),
6 балаға – 66811 теңге (63 750 тг),
7 және одан да көп балаға – 77951 (74 375 тг) теңге алып отырады.
–«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар — 17780 (16967тг) теңге көлемінде жәрдемақы алады.
АРДАГЕРЛЕРГЕ
–ҰОС қатысушылары мен мүгедектері — 44448 (42416тг) теңге
–ҰОС-да қаза болғандардың жесірлері — 12446 (11877 тг) теңге
–Соғыстан кейін қаза болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) — 7112 (6787 тг) теңге
–Кеңес Одағының Батырлары мен үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері — 26669 (25450) теңге
–Социалистік Еңбек Ері, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері — 207378 (197 898) теңге көлемінде ай сайын жәрдемақы алады.
–Тыл еңбеккерлерінің жәрдемақысы — 5918 (5647 тг) теңгеге көбейді.
–Жерлеуге берілетін жәрдемақы көлемі — 43615 ( 41621 ) теңгені құрап отыр.
–ҰОС ардагерін және мүгедектерін жерлеу үшін мемлекет есебінен — 101675 (97027 тг) теңге беріледі.
АЙЖАН ЕРМЕКҚЫЗЫ
«Оңтүстік Рабат», №17-18, 29 сәуір 2020 ж