фото inform.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері ізін суытпай «Аvto Gaz Stations» жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады.

Шамамен түнгі сағат 03.30-да бетперде киген екі күдікті ЖҚС-на басып кіріп, пышақпен қорқытып, операторды скотчпен орындыққа байлап, 90 000 теңгеге жуық ақшаны алып, қашып кеткен.

Абай аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шабуыл жасағандар ұсталды. Айғақты зат – пышақ пен скотч алынды.
Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында ұсталғандардың Еңбекші ауданының аумағында жасалған ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.