Жаназаға барып, ұялы телефон ұрлаған әйел ұсталды

126

 

Қазығұрт АПБ-не Ордабасы АПБ-нен, осы ауданның жергілікті тұрғынының арызы келіп түседі. Жәбірленушінің айтуынша ол Қазығұрт ауданына туысының жаназасына келген, содан сол үйде отырған жерінде ұялы телефонын қалдырып кетіп, қайта үйге кірген кезде телефоны болмай шыққанын айтқан.

Осылайша, белгісіз тұлға жәбірленушінің «Самсунг» маркалы телефонын ұрлап, 100 000 теңгеден астам шығын келтіреді.

Аталған жайт Қазығұрт АПБ-мен тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді. Құранға келіп, телефонынан айырылған әйелге көмектесіп, қылмысты ашу мақсатында полицейлер тарапынан барлық қажетті іс-шаралар іске асырылды. Ұялы телефонның жеке кодтары бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер 2 күн ішінде күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын, егде жастағы әйел болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел иесі ұмытып қалдырып кеткен телефонды жасырын алып, сатып жіберген. Ақшасын өз пайдасына жаратқан. Полицейлер жоғалған телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды.

Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз ұялы телефондарыңызға, бағалы заттарыңызға, әмияндарыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрлығына тап болмас үшін, қашанда заттарыңызды ұқыптап, аузы жабық сөмкеде ұстаңыздар.