Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 23 адамда коронавирус індеті расталды. Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны коронавирус инфекциясынан 4 сәуір күні қайтыс болды.

Қазіргі таңда Жетісай ауданында — 11, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы — 1, Ордабасы, Сарыағаш — 1, Мақтаарал — 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. 1 адамның өлімі тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.