Сурет : Depositphotos16

 

Түркістан облысында 17 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес 7-ші науқастың коронавирус инфекциясынан жазылғаны белгілі болды.

Жетісай ауданы, Жылы су ауылдық округі, Байқоныс елдімекенінің 2003 жылы туған тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында COVID-19 індетімен ауырған. Соңғы екі талдама қорытындысы бойынша теріс нәтиже көрсетіп, ауруынан құлан-таза айыққан науқас бүгін отбасына оралды.

Жалпы, облыс көлемінде бүгіндікке Жетісай ауданында 6 азамат, Сайрам ауданынан 1 азаматтың коронавирустан жазылғаны расталды.