Елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округінің жеке кәсіпкері ЖК «Атамекен – Агро»-ның басшысы Шынболат Қындыбайұлы және әжелер алқасының төрайымы Айжамал Ермаханқызы Қоңырбаеваның ұйымдастыруымен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 4 тонна қырыққабат және 300 дана бетперделер қайырымдылық ретінде тегін берілді.

Қырыққабат және бетперделер ауданымыздағы Жетісай қаласында тұратын 52 жалғызбасты қарттарға, 19 аз қамтамасыз етілген отбасыларға 2 тонна қырыққабаттар және Асықата кентіндегі 46 жалғызбасты қарттармен 42 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 12 аз қамтамасыз етілген отбасыларға 2 тонна қырыққабаттар берілетін болады.
«Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай демеу көрсете білгені үшін ауданымыздың кәсіпкерлеріне әжелеріне шынайы ризашылықтарымызды білдіреміз» дейді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.