13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты.

Барлығы 15 текше метр су сорылды. Департаментте шұғыл түрде штаб құрылды. Сағат 22.15 -те Достық ауылын су ала бастағандықтан, тұрғындар эвакуациялана бастады. Леңгір қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы мектеп пен Киелі тас ауылындағы Сұлтан Рабат мектебінде эвакуациялық орталықтар құрылды.

Сағат 21.45 шамаларында, Төлеби ауданы, Киелітас а/о, Сұлтан-Рабат ауылы, Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесінде аудан аумағында жауған нөсерлі жаңбырдың суы жалпы жиыны 77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. Тұрғындар Ленгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Көксәйек а/о, N9 колледжде эвакуациялық бөлімше әзірленген.

Оқиға орнында жергілікті әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.