Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде өткен мамыр айындағы мерекелерінде қала аумағындағы төтенше жағдайлар туралы брифинг өтті.

Спикер болып департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов сөз сөйледі. Өткен аптада жалпы 4 дауылды ескерту жарияланды. Барлық дауылды ескертулер қала тұрғындарына теледидар, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы жеткізілді.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 05.05.2020 ж. Шымкент қаласының аумағында жауын-шашын түрінде дабылды ескерту жарияланды. 06.05.2020 жылы сағат 15.45 Қаратау ауданында 7 мекенжайлар бойынша күшті жауын-шашыннан жеке үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі аула аумақтарында 10 см құраған (Қызылсу тұрғын алабы, Ақниет к-сі 6, Мәртөбе т/а Мәртөбе көшесі 94, Бозарық т/а Алма көшесі 9, Таскен т/а Бабашева көшесі 98, Новостройка к-сі н/з.)

Барлық мекенжайлар бойынша жедел түрде Департаменттің күштері мен құралдары жіберілді. Аудандық ТЖ бөлімдері — 4 қызметкер және 2 бірлік техника, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ — 23 қызметкер, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Жалпы алғанда 832 текше метр су шығарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Желдің күшеюі туралы дауылды ескерту жарияланды. Шымкент қаласында 8 мамыр күні жауын-шашын жауды, оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с дейін жетті. 2015 жылғы 8 мамырда 112 жедел желісіне тұрғын үйлердің шатырының ұшып кетуі туралы 5 хабарлама және ағаштың құлауы туралы 1 хабарлама келіп түсті. Барлық мекенжайлар бойынша жедел түрде Департаменттің күштері мен құралдары жіберілді (20 қызметкер және 6 бірлік техника). Тұрғындарға шатырларды бөлшектеу, сондай-ақ құлаған ағаштарды кесу бойынша көмек көрсетілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Жалпы қала бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда.