Мамыр айы мерекеге толы ай. Сондықтан да бұл айда демалыс күні де көп болғалы тұр. Мамыр айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде азаматтар барлығы он үш күн демалатын болады.

2020 жылдың мамыр айында үш мемлекеттік мереке күні болады. Сондықтан сенбі және жексенбі күндерінен бөлек қазақстандықтар қосымша үш күн демалады. 1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі мерекесі жұма күніне келеді. 7 мамыр, бейсенбіде Отан қорғаушылар күні аталып өтеді.

Ал 9 мамыр — Жеңіс күні сенбіге келіп тұр. 9 мамыр сенбіге түскендіктен, 11 мамыр, дүйсені күні жұмыс болмауы тиіс. Алайда үкімет мереке күндерін бекіту кезінде демалысты дүйсенбі, 11 мамырдан 8 мамыр күніне ауыстырған. Сәйкесінше, тұрғындар 7-10 мамыр аралығында демалады. Бескүндік жұмыс күніндегі тұрғындар 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 23, 24, 30 және 31 мамыр күндері демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер 1, 3, 7, 9, 10, 17, 24 және 31 мамырда демалады. Барлығы демалыс және мереке күндерін қосқанда 13 күн демалады.