Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында әлеуметтік көмек мәселелері бойынша CAII-орталық іске қосылды.

Енді кез-келген қала тұрғыны
«13 00» немесе 8(7252) 77-11-03 нөмірлеріне хабарласып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектер мен ардагерлер, басқа да жеке санаттағы азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен көмектер туралы толық мағлұмат ала алады. Сондай-ақ мамандардың кеңестері беріледі.

CALL- орталық дүйсенбі-жұма күндері : сағат 9.00-19.00-ге дейін жұмыс істейді