Қылмыс деңгейі төмендеп келеді

187

Түркістан облысына қарасты Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді.

Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға қора-жайларының мықты материалдармен бекітілуін, төрт-түліктерін қараусыз қалдырмауын, ен-таңбаларын салдыртуын ескертеді. Насихат жұмыстары да қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Тәртіп сақшыларының күн-түн демей, жұмыс атқаруының арқасында қылмыс деңгейі төмендеп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын таппақ.