Үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады

143

Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады.

Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді.

«Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. Сел салдарымен күресте Мақтаарал тәжірибесін пайдаланамыз. Су шайған аумақтар секторға бөлінген. Оларға көмекке келген аудандардың басшылары жауапты. Жұмылып төтенше жағдайды еңсеруге барлық мүмкіншілік бар», – деді Өмірзақ Шөкеев штаб отырысында.

Мақпал Рысбаева