196 заңды тұлға «SmartBridge» платформасында жарияланған 353 сервиске қол жеткізе алады. Бүгін «SmartBridge» платформасында 353 сервис жарияланды және 196 заңды тұлға авторланды, оның ішінде: 40 Мемлекеттік орган, 13 Екінші деңгейдегі банк, 16 ұлттық компания және 127 жеке сектор өкілдері.
Белгілі болғандай, ағымдағы жылғы 6 ақпанда «SmartBridge» интеграциялық платформасының пилоттық нұсқасы іске қосылды, ол мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге, платформада тегін қолжетімді дайын бағдарламалық құралдарды пайдалану есебінен интеграцияға арналған шығыстарды азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы бюрократияны болдырмауға қабілетті.
«Мемлекеттік орган басқа министрлікке құжаттар пакетінің орнына осы платформа арқылы бір ғана электрондық өтінім жібереді. Енді өтінім беруден бастап жауап алғанға дейінгі мерзім 5 күнге дейін қысқартылды. Сондай — ақ, «SmartBridge» МО мен бизнеске онлайн режимде мемлекеттік органдарға олардың сервистеріне қосылуға өтінім жолдауға және деректерді алмасу үшін, G2B/B2G принципі бойынша өз сервистерін жариялауға мүмкіндік берді», — деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Пилот аясында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында МО және жеке бизнеспен, порталды көрсету үшін және платформамен жұмыс істеу қағидаттары мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру мақсатында кездесулер өткізілді. Карантин кезінде барлық кездесулер онлайн форматта өтті,оның барысында МО және жеке бизнестен «SmartBridge» жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар алынды. Қазіргі уақытта ұсыныстарға талдау жүргізіліп, жақын арада оларды іске асыру бойынша техникалық жұмыстар күтілуде. Ең негізгілері: OpenAPI орналастыру, жаңа сервисті құруға сұраныс бағыты бойынша жаңа функционал, интеграциялық жұмыстарды жүргізу үшін өтінімдегі опциялар санын арттыру және т. б. болып табылады.