Түрмеде отырғандар да 42 500 теңгеге өтінім берген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

Оларға әлеуметтік төлемдер төлеуден бас тартылды. «Төлемді тағайындамау әлеуметтік аударымдардың болмауына байланысты болды» дейді ведомство өкілі. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға тиесілі жәрдемақыны алуға жұмыссыздық мәртебесі бола тұра өтініш бергендер де бар екен.

Ақмәди Сарбасов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі: «Бұдан бөлек, қайтыс болған, шетелге шығып кеткен төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейлі банктердің және басқа кәсіпорындардың қызметкерлерінің өтініштері, белсенді зейнетақы және жәрдемақы алушылардың өтініштері де түскен. Бұл азаматтарға да әлеуметтік төлем берілген жоқ».

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 120 мыңнан 170 мыңға жеткен. Мемлекеттік әлеуметтік сатқандыру қорынан жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем саны да артып отыр дейді жауаптылар.

Мақпал Рысбаева