Назарларыңызға сенбі және жексенбі күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынамыз. «Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы  мамандарының  берген мәліметі бойынша  алдағы демалыс күндері Шымкентте жауын- шашын болмайды, күн біршама ысиды.

Әсия Қыдырбаева,  «Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филдиалының бөлім басшысы: «Облыс аумағында ауа температурасы +33 градустан +38 градус аралығында  болады.  Таулы аудандарда ауа температурасы +30 градус, желдің екпіні 15-20 м/сек».

Шымкентте сенбі күні  ауа температурасы түнде +17-+19 градус болса, күндіз ауа температурасы 33-35 градус жылылықты көрсетеді.  Жексенбі, 31 мамырда  күндіз 34-36 градусқа дейін күн ысиды