Шымкенттегі дендоролиялық саябақ күннен-күнге көркеюде.

Төтенше жағдай режимінен соң қайта ашылған демалыс орнының кіре берістегі негізгі қақпасы жаңаланып, баспалдақтар пайда болған. Қайта жөндеу жұмыстары саябақтың ішкі аумағында да жүргізілмек. Дендросаябағында жасыл желектің қатары толығады. Өйткені мұнда суару жүйесі жаңаланбақ. Сонымен қатар, демалыс аймағы толық жарықтандырылады.

Керемет тарихы бар дендрологиялық саябағы төтенше жағдай алынып тасталғаннан бері қалалықтардың демалатын сүйікті орындарының бірі болып қала бермек. Мұнда отбасы, достарымен келгендер таза ауада саябақтың табиғатына тамсанып, көлдің жағалауында серуен құруда.

Қаладағы ең жасылды саябақ 40 жыл бұрын пайда болған. Демалыс орны аумағындағы жасыл желекті мекендеген түрлі құстар әсем әуендерімен айналаны бөлеп, келгендерге көтеріңкі көңіл сыйлауда.

Дендрологиялық саябақ көркеюде. Кіре берістегі қақпа жаңаланып, ыңғайлы текпешектер орналастырылған. Жаңашылдық демалыс орнының аумағын да қамтиды. Мұнда жарықтандыру қарастырылған. Сонымен қатар жасыл желекті суаруға арналған ескірген құбырлар жаңаланбақ. Су жүйесі енді саябақтың барлық учаскелеріне жеткізілетін болады.

Ақмарал Қыпшақбаева, Шымкент қалалық дендрологиялық саябағының қызметкері: «Біз өсімдіктер  қорын қалпына келтіріп жатырмыз. Алдын  жасыл желектің 560  түрі болатын. Алайда олардың  бірқатары  климатқа бейімделмеді. Жерсінген  ағаштардың саны 350.  Биыл біз алдағы жылдардағы көрсеткішке жетуді көздеп отырмыз».

Демалушыларды ағаштар мен бұтақтардың сан алуан түрі қарсы алуда. Біздің климатты жерсінбеген қызыл үйеңкі , ақ қайың, шаһардағы жалғыз ерекше қызғалдақ ағашы да осында. Жақында ғана сирек кездесетін гүлдерді де отырғызыпты. Саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Төтенше жағдай режимі кезінде уақытша жабылған демалыс орнының қайта ашылуына тағатсыздана күткен тұрғындар өз ұсыныстарын да жеткізді.

«Тағы бір жүгіретін жол болса екен. Саябақта жақсы болып қалған, үнемі демалуға келеміз. Веложолды ұзартса, керемет болатын еді» дейді тұрғындар.

Жоспар бойынша саябақта тағы бір жүгіретін жол салынбақ. Бұдан бөлек, ұзындығы 6 жарым шақырымды құрайтын веложол да пайда болады. Демалыс аймағында әжетханалардың қатары да толықпақ.

Шынар Оразова