Ауылдарын су басқан тұрғындарға арыстықтар көмектесті

242

Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасының жарылуына байланысты Мақтаарал ауданына келетін су көлемі артып, бірнеше ауылды су басқан.

1 мамыр түнгі сағат 3:00 шамасында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Ертесіне сәскеге қарай судың беті қайтты деп ойлаған жергілікті халық су басқан ауылдарды бетке алды.

Малдарын аман алып, қауіпсіз жерге шығармақ болған тұрғындар ауылдық округке кіре берісте қойылған блок бекетке тап болды. Құзырлылар тұрғындардың ауылға кіруіне жол бермеді.

Блок бекет аумағына жайғасқан тұрғындар ас-сусыз еді. Оларға арыстық белсенділер көмек қолын созды. Нан, су, балаларға арналған жөргектер таратты.

Былтыр жарылыстан зардап шеккен жанашырлар «мұндай қиын-қыстау жағдайды біз де бастан өткергенбіз, сондықтан жайсыз оқиғаны ести салысымен осы тұрғындарға бірінші кезекте қажеттіліктерді алып, жолға шықтық» дейді.

Мақпал Рысбаева