Біздің дәрігерлер Қытайға барады

132

Қазақстан дәрігерлері тәжірибе алмасу үшін Қытайға барады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов мәлімдеді.

Айтуынша, қазір осы бағытта бағдарлама әзірленіп, баратын мамандар тізбесі жасалып жатыр. Шетелге тәжірибе алмасуға баратын медицина қызметкерлеріне жұмсалатын шығын еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті мекемелер тарапынан төленеді. Сыртқы істер министрлігі тарапынан қазірден-ақ тиісті қолдаулар көрсетіліп жатыр.

Сержан Айдосов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары: «Жалпы, мамандарымыздың қашан баратыны туралы нақты жоспар жоқ. Бірақ, 2-3 аптаның ішінде анықталады. Олар Бейжің қаласына барады деп жоспарланған».

Мақпал РЫСБАЕВА